Мұнай бағасы төмендеп, ал қазақстандық компаниялардың акциялары қымбаттап жатыр

Мұнай бағасы төмендеп, ал қазақстандық компаниялардың акциялары қымбаттап жатыр
ашық дереккөз
Мұнай бағасы төмендеп, ал қазақстандық компаниялардың акциялары қымбаттап жатыр
 src=
 Қазақстандық акциялар нарығы 3 апта қатарынан өсім көрсетіп жатыр. Өткен бескүндіктің қорытындысы бойынша KASE индексі 2 айлық көрсеткішке тең деңгейде жоғарылады деп жазады LS порталы.
«Асыл-Инвест» сарапшысы Әмір Ақтановтың атап өтуінше, KASE индексі 1,9%-дан 1 061,90 пунктіге дейін жоғарылаған.

«Қазақстандық инвесторлар өткен аптада белсенділік танытып, сауда көлемі 270,7 млн теңгеден 895,7 млн теңгеге дейін көбейді. Нарық қатысушылары 2 апта қатарынан мұнай бағасының төмендеуі және ұлттық валютаның әлсіреуі деген факторларды ескермей келеді. Өткен аптада АҚШ доллары 2,62%-ға көбейіп, 343 теңгеден 352 теңгеге дейін қымбаттады. Ал әлемдік мұнай бағасы 3 айлық минимумге дейін түсіп, 6,5%-ға дейін арзандады», — деді сарапшы.

Әмір Ақтановтың атап өтуінше, KEGOC акциялары абсолютті максимумге дейін қымбаттаған. Сондай-ақ ЦентрКредит Банкі және KAZ Minerals акцияларында өсім байқалды. «ҚазТрансОйл»  (+3,4%), «Қазақтелеком» (+2,3%), «Өндірісті барлау «ҚазМұнайГаз» (+1,3%) және  Kcell (+0,9%) компанияларының құнды қағаздары да аптаны плюспен аяқтады.

Тек 4,0%-дан 44,8%-ға немесе 43 теңгеге арзандаған Халық банк аптаның жалғыз аутсайдері болды.

 Ақпарат көзі: 77 KUN

Ұқсас жаңалықтар