 
 Шымкентте ресторандардың бірінің жанындағы алма ағашы биылғы жылы екінші рет гүлдеді. Бұл туралы tvk-uko.kz ақпарына сүйенген ras.kz хабарлады.
Табиғаттың осынау ғажайып көрінісі қала тұрғындарының бірқатарын қатты қуантып жібергенге ұқсайды. Олар ақ гүлдің көмкеруінде тұрған ағаштың жанында жапатармағай суретке түсе бастапты.
«Мен осы жерде 5 жылдан бері аспаз болып жұмыс істеймін. Мына алма ағашын біздің басшымыз Луфатулла Шаходжаев отырғызды. Содан бері 3 жыл өтті. Мен мұндай құбылысты алғаш рет көріп тұрмын. Ол көктемде гүлдеп, бізге дәмді жемістерін сыйлап еді. Енді, міне, екінші рет гүлдеп тұр. Осы жасыма дейін мұндай ғажапты көрген емеспін. Шамасы, жақында тағы да оның мәуесін жейтін шығармыз», – дейді ресторан қызметкері Гүлнұр Әбдулиева.
Ақпарат көзі: BNews.kz
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




