Олимпиаданың ашылу салтанатын «Хабар» арнасы тікелей эфирде көрсетеді

Олимпиаданың ашылу салтанатын «Хабар» арнасы тікелей эфирде көрсетеді
ашық дереккөз
Олимпиаданың ашылу салтанатын «Хабар» арнасы тікелей эфирде көрсетеді
XXXI жазғы Олимпиада ойындарының салтанатты ашылуын «Хабар» арнасы тікелей эфирде көрсетеді.
 «Бразилияның Рио-де Жанейро қаласында өтетін XXXI жазғы Олимпиада ойындарының салтанатты ашылуын «Хабар» арнасы 5 тамыздан 6 тамызға қараған түні тікелей эфирден көрсетеді. Басталуы – Астана уақыты бойынша 04.55. Қазақстандықтарға ыңғайлы болуы үшін таңертең сағат 10:00-де қайталап көрсететін боламыз. Ашылу салтанатын елімізге танымал спорт комментаторлары – Ермұхамед Мәулен мен Дмитрий Мостовой жүргізеді», – дейді «Хабар арнасының бас директоры Ринат Кертаев.
Айта кетейік, төрт жылдықтың басты додасынан Қазақстан атынан 104 спортшы қатысады. Олимпиада ойындарын «Хабар», «Қазақстан» және «Қазспорт» арналары арқылы көруге болады. Ақпарат көзі: Baq.kz

Ұқсас жаңалықтар