Экономика
Ірі америкалық компания Shymkent-City құрылысына инвестиция тартуға көмектеседі
- author «Ақ жол»
- 28 шілде, 2016
- 431

Ірі америкалық компания Shymkent-City құрылысына инвестиция тартуға көмектеседі
Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов және АЕСОМ компаниясының аймақтағы директоры Марина Констанян ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды, деп хабарлайды shymkent.gov.kz.
Тараптар қалада жүзеге асырылып жатқан Shymkent-City ауқымды жобасына ірі құрылыс компаниясының қатысуы туралы келісті.
АЕСОМ – сәулет және құрылыс саласындағы, сонымен қатар, қалаларды дамыту бойынша жобаларды жүзеге асыруға маманданған халықаралық компания. Қазіргі таңда компания АҚШ-тың ірі корпорацияларының Fortune-500 рейтингінде 156-орынға ие.
АЕСОМ жүзеге асырған ірі жобалардың қатарында Дүниежүзілік сауда орталығы, Әбу-Дабидің, Гонконгтың, Лос-Анджелестің әуежайларын, Мәскеудегі «Москва-City» жобасын атап өтуге болады.
Ақпарат көзі: BNews.kz
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді