Денсаулық
ОҚО-да ауа температурасы 49 градусқа дейін көтеріліп кетті
- author «Ақ жол»
- 28 шілде, 2016
- 505
ОҚО-да ауа температурасы 49 градусқа дейін көтеріліп кетті
Оңтүстік Қазақстан аймағында соңғы үш күнде күн райы күрт көтерілді деп хабарлайды ТВК-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.
Термометр тілі қала аумағында 43, ал кейбір аудандарда + 49 градусқа дейін жеткен. Осының салдарынан облыстық кардиологилық орталық дәрігерлерінің көмегіне жүгінгендер саны да артқан. Әсіресе, шіліңгір ыстық жүрегі ауыратындарға қиын соғуда.
"Соңғы үш күнде бізге келушілер саны көбейді. Шұғыл түрде жеткен 22 адамның барлығы күн ысып кеткенде денсаулығы сыр бергендер", - дейді облыстағы кардиологиялық орталықтың дәрігері Зәуре Омарханова.
Ал синоптиктер мұны өтпелі кезең деп болжайды. Олардың айтуынша, күннің қатты ысуына Орта Азиядан келген жылы ағындар әсер еткен. Соның салдарынан сынап бағасы 43 градусқа дейін жетсе, Қызықұм, Арыс, Созақ аудандарына 49 градусқа дейін көтерілді.
Дегенмен, мамандар алдағы күндері аптап ыстықтые беті қайтады деп болжап отыр.

Ақпарат көзі: Nur.kz
Ұқсас жаңалықтар
Балалар денсаулығын нығайту – басты назарда
- 11 қазан, 2025
Телепатология жүйесі іске қосылды
- 11 қазан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді