
Риода спортшылар қайда тұрады?
Енді санаулы күннен кейін төрткүл дүние көз тігетін Рио олимпиадасының алауы тұтанады. Осыған орай өткен аптаның соңында Рио-2016 ұйымдастырушы комитеті командалардың өкілдеріне Олимпиада қалашығын ресми түрде ашты.
Олимпиада қалашығына әлемдік додада бағын сынауға келген спорт саңлақтары мен мамандар қоныстанады. Алдыңғы лек қазірдің өзінде барып үлгерген.
Кейбір дерек көздеріне сүйенсек, қалашықтың бірқатар нысандарының әрлеу жұмыстары әлі де толық аяқталмаған. Сол себепті, барған туристер мен мамандардың көңілі толмай, орналасудан бас тартып жатқандары да бар көрінеді.
Әлемнің әр түпкірінен келген спорт делегациясының демалып, тынығуына арналған Олимпиада қалашығында бас-аяғы 31 нысан бар. Ойын кезінде кешенге 18 мың қонақ қоныстана алады. Ал оларға шамамен 13 мың адам қызмет көрсетпек. Мұнда спорт залы, демалыс аймағы, сұлулық салоны мен діни орталықтар және заманауи үлгіде жабдықталған медициналық орталық пен 5 мың адамға арналған асхана бар.
Ақпарат көзі: ҚазАқпарат
Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азияда теңдесі жоқ ауқымды спорт нысаны іске қосылды
- 16 қыркүйек, 2025
Төрткүл дүние – әлем чемпионатында
- 11 қыркүйек, 2025
Ақпарат
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді