Спорт және туризм
Жеңіл атлетикадан Қазақстан әйелдер құрамасы эстафеталық жарыстан Риоға жолдама алды
- author «Ақ жол»
- 25 шілде, 2016
- 406
Жеңіл атлетикадан Қазақстан әйелдер құрамасы эстафеталық жарыстан Риоға жолдама алды
Жеңіл атлетикадан Қазақстан әйелдер құрамасы алғаш рет эстафеталық жарыста бақ сынайды. Бұл туралы alaman.kz сайты хабарлады.
Cветлана Иванчукова, Виктория Зябкина, Ольга Сафронова, Анастасия Тулапина бастаған Қазақстан әйелдер құрамасы 4×100 метрге жүгіру эстафетасына қатысады.
Бұл қашықтыққа 16 елдің құрамалары бақ сынайды. Қазақстан лицензияны әлемдік рейтингтегі жоғары орыны үшін алды.
Қазақстаннан бөлек бұл эстафетада АҚШ, Ямайка, Қытай, Нигерия, Бразилия, Канада, Украина, Гана сынды елдердің құрамалары бар.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан эстафета құрамасы 2014 жылы Инчондағы Азия ойындарында Қытайға есе жіберіп, күміс алған болатын. Енді Риода да жоғары көрсеткішке қол жеткізіп, жеңіс тұғырынан көрінсін деп тілейміз.
Ақпарат көзі: ҚазАқпарат
Ұқсас жаңалықтар
«DASTAN CUP» облыстық турнирі мәресіне жетті
- 9 қыркүйек, 2025
Әйгерім Сәттібаева алтыннан алқа тақты
- 4 қыркүйек, 2025
Ақпарат
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді