Ресей Қазақстанға 1 млн 400 мың гектар жерді қайтарып берді
- author «Ақ жол»
- 20 шілде, 2016
- 394
Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі Батыс Қазақстан облысында 2 млн гектардан астам жерді жалға алған. Ресей тарапы 1 млн 400 мың гектар полигонды қайтарып берді. Бұл туралы Аймақтық орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында белгілі болды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
Биыл Ресей 1 млн 400 мың гектар жерді қайтарып берді. Қазір учаскелерді бөлуге қажетті құжаттар дайындалып жатыр. Сонымен қатар Үкіметтік деңгейде келісілуі тиіс тағы бір мәселе бар.«Бөкей ордасы ауданы аумағы арқылы күн сайын 5 жолаушылар және 11 жүк пойызы өтеді. Олардың ешқайсы тоқтамайды. Мәселені тұрғындар үнемі көтеріп келеді. Бұл проблема шешіледі деген үміттеміз», - деп атап өтті Н.Рахымжанов.Айта кету керек, Ресейдің «Азғыр» және «Капустин Яр» полигондарының аумағы Атырау облысы Құрманғазы ауданының солтүстік бөлігімен және БҚО Бөкей ордасы және Жаңақала аудандарымен шектесіп жатыр. Мұнда 28 мың адам тұратын 39 елді мекен орналасқан.
Ақпарат көзі: BNews.kz
Ұқсас жаңалықтар
Астанада екінші «Орталық Азия – Қытай» саммиті өтті
- 17 маусым, 2025
Қазақстан - Қытай: екіжақты сауда көлемі 30 млрд долларға жетті
- 16 маусым, 2025
Ақпарат
Сотқа деген сенім – бәрінен маңызды
- 1 шілде, 2025
Жамбылда ҚАЖД қызметкерлері қан тапсырды
- 14 маусым, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді