Спорт және туризм
«Азия балалары» VI Халықаралық ойындарында отандастарымыз жалпыесепте үшінші орынды иеленді
- author «Ақ жол»
- 18 шілде, 2016
- 485
«Азия балалары» VI Халықаралық ойындарында отандастарымыз жалпыесепте үшінші орынды иеленді
Ресейдің Якутия аймағында ұйымдастырылған «Азия балалары» VI Халықаралық ойындар өз мәресіне жетті. Бұл додаға Сарықұрлықтың 46 елінен жиналған 2841 балдырған спортшылар 22 спорт түрінен өзара мықтыны анықтады.
Аталған сында Қазақстанның жас спортшылары баскетбол, бокс, волейбол, дзюдо, күрес, жеңіл атлетика, мас-рестлинг, үстел теннисі, пауэрлифтинг, жүзу, нысана көздеу, самбо, еркін күрес, садақ ату, тхэквондо, футбол, хапсагай, көркем гимнастика, шахмат, дойбы және т.б. спорт түрлерінен өнер көрсетіп, 25 алтын, 28 күміс, 36 қола медаль жеңіп алып, командалық есепте үздік үштіктен көрінді. 49 алтын, 29 күміс, 36 қола медаль еншілеген Сібір федералдық округінің жас спортшылары жеңіп алды бас жүлдеге иелік етті. Екінші орынды 27 алтын, 34 күміс, 36 қола медаль ұтып алған Саха Республикасының командасы қанжығасына байлады. Енді келесі, яғни VII «Азия балалары» ойындары 2020 жылы Моңғолияда өтеді. Осы шараның салтанатты жабылу рәсімінде ойынның ресми туын стадионда Моңғолияның батыры, бокстан әлем чемпионы, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Пурэвдоржийн Сэрдамба қабылдап алды. Ақпарат көзі: ҚазАқпарат
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




