«Burnoye Solar-1» ЕХРО-ға қатысуға өтініш берді

«Burnoye Solar-1»  ЕХРО-ға қатысуға өтініш берді
ашық дереккөз
«Burnoye Solar-1» ЕХРО-ға қатысуға өтініш берді

Әлемдік стандартқа сай «Burnoye Solar-1» ЖШС өткен жылдан бастап энергия қуатын таратуға кіріскен. Елімізде ғана емес, Азияда теңдесі жоқ күн электр стансасы бүгінде қуаты 50 МВт болатын энергия өндіріп отыр. – Біз Астанада өтетін халықаралық ЕХРО – 2017 көрмесіне қатысуға өтініш жібердік. Азиядағы энергия өндіретін бірден-бір ірі серіктестік болғандықтан, оған қатысуға толық мүмкіндігіміз бар. 50 МВт қуат көзін өндіру дегеніміз ол тұтас екі ауданға қуат көзін таратумен бірдей, – дейді «Бурное» күн электр стансасының басшысы Иван Анатольевич. Жуалы өңірінен салынған күн электр стансасы – «Самұрық Қазына Инвест» және UGEL біріккен жобасының нәтижесі. Жуалы ауданындағы қыраттың күнгей беткейіне орналасқан күн электр стансасының аумағы – 150 шаршы шақырым.

«Ақ жол-Ақпарат».

Ұқсас жаңалықтар