
Елімізде табиғи демалыс орындары жетерлік. Олардың әрқайсысы әлемдік деңгейдегі курорттық аймаққа айналып отыр. Бұл туралы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Көкше төріндегі Бурабай демалыс орнында берген сұхбатында айтты. Елбасы көрікті мекеннің көз тартар сұлулығын тамашалап, көпшілік үшін жасалған жайлы жағдаймен танысты. Сондай-ақ, талай ақын-жазушының жырына арқау болған Бурабай аймағы жер шарындағы теңдессіз демалыс орны екенін тілге тиек етті. – Бурабай деген жерді халқымыз әнге қосып айтып кетті. «Жер шоқтығы – Көкшетау, бауыры толған бақша-бау. Төңірегің сексен көл, исің жұпар аңқиды-ау», – деп Біржан сал айтып кетті емес пе? Сондықтан бұл тамаша жердің төңірегінде адам өлең айтпай, адамның творчествосы жоғарыламай қоймайды. Бұл Қазақстанның ең бір әдемі, ең бір сағынышпен айтатын жердің біреуі сияқты. Мен үшін Алатау, Көкшетау екеуінің де орны бөлек. Бұл – еліміздің өте әдемі жері. Бұны көркейту, өсіру, әрі қарай белгілі ету біз үшін үлкен мақсат болып саналады, – дейді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.
Ұқсас жаңалықтар
Астанада екінші «Орталық Азия – Қытай» саммиті өтті
- 17 маусым, 2025
Қазақстан - Қытай: екіжақты сауда көлемі 30 млрд долларға жетті
- 16 маусым, 2025
Ақпарат
Жамбылда ҚАЖД қызметкерлері қан тапсырды
- 14 маусым, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді