Кеншілердің өткен маусымда қалай өнер көрсеткені барша футбол жанкүйерлеріне жақсы мәлім. «Шахтер» командасы қазақ футболының тарихында Еуропа Лигасының топтық кезеңіне өткен алғашқы клуб ретінде қалатыны анық. Дегенмен, қарағандылықтар биыл жүрісінен жаңылғандай болып жүр. Премьер-Лига ойындарында аса белсенділік таныта алмай келеді. Бірақ, бірде ұтып, бірде ұпайдан айырылып жүрген кеншілерді тараздықтар жеңе алмады. Сенбі күні сырт алаңда «Тараз» былтырғы кубок иегерлерінен жеңілді. Негізі, жанкүйерлер бұл кездесуден жоғары нәтиже күте қоймағаны анық. Дегенмен, «Шахтер» жамбылдықтар үшін жеңілмейтін команда емес. Қарағандылықтарға соңғы минуттарда сан соқтырып, ұтып кеткен, ұпай бөлісіп, тең түскен кездесулер «Тараз» клубының тарихында болған. Десе де, тараздықтардың биылғы маусымда «Шахтерге» шамасы жетпей тұр. Кеншілер өз алаңында 1:0 есебімен басым түсті. Сәрсенбі күні «Тараз» елордалықтармен кездеседі. Ал, ел кубогі жолындағы жарыстың ширек финалдық кездесуін Ақтөбеде өткізеді. Матч 18 маусым күні өтеді. Бұл ойынға алдын ала болжам айту қиын. Премьер-Лигада көш бастап тұрған ақтөбеліктерді өз алаңында ұту тараздықтарға оңайға түспес. 13 турдан кейін 32 ұпаймен қарсыластарынан қара үзіп, ұзап кеткен клуб ойыншылары кубок үшін күшімізді сарп етпейміз демесе, үміт аз.
Ардақ Үсейінова, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Әулиеаталықтар айтулы аламанда атой салды
- 16 қыркүйек, 2024
Қазақ жігіті Америкада топ жарды
- 11 қыркүйек, 2024
Ақпарат
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді