Денсаулық
Тараз тұрғынына қылмыскерді ұстау кезіндегі кәсіби және батыл әрекеті үшін медаль беріледі
- author «Ақ жол»
- 13 шілде, 2016
- 409
Тараз тұрғынына қылмыскерді ұстау кезіндегі кәсіби және батыл әрекеті үшін медаль беріледі
Тараз тұрғыны А. Маркин қарулы қылмыскерді ұстау барысында кәсіби және батыл әрекет жасағаны үшін медалмен марапатталады,-деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметі.
ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен 2016 жылдың 19 маусымында облыс орталығының «Талас» ықшамауданында орын алған атыс оқиғасы және қылмыскерді ұстау дерегі бойынша «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен қарулы қылмыскерді ұстау барысында кәсіби және батыл әрекет жасағаны үшін Тараз қаласының тұрғыны А.Маркинді салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтеді.
Медалды 14 шілде күні ІІД бастығы, полиция генерал-майоры Т.Маткенов тапсырады.
Естеріңізге сала кетейік, 19 маусымда Тараздағы көпқабатты үй тұрғындары жедел көшірілген болатын. Оқиға орнында полиция қызметкерлері мен қылмыскер арасында атыс болды.
Ақпарат көзі: Zhambyl.News
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




