Спорт және туризм
Қазақ спортшыларының Риода қай күні жарысқа шығатыны белгілі бола бастады
- author «Ақ жол»
- 12 шілде, 2016
- 334
Қазақ спортшыларының Риода қай күні жарысқа шығатыны белгілі бола бастады
Рио Олимпиадасының басталуына 24 күн қалды. Уақыт жақындаған сайын қай спорт түрінен жарыс қай күні өтетіні де белгілі бола бастады. Бүгін қазақстандық дзюдошылардың қай күні жарыс алаңына шығатыны белгілі болды. Біздің татами шеберлері алғашқы жарысын тамыздың 6-сы күні бастайды.
Естеріңізге сала кетейік, Бразилия төрінде ел намысын бес дзюдошымыз қорғайтын болады. Жарыс кестесі бойынша, жеңіл салмақта өнер көрсететін Елдос Сметов пен Галбадрах Отгонцэцэг 6 тамыз күні Астана уақытымен кешкі сағат 19:00-де татамиге шығады. 66 келі салмақ дәрежесі бойынша ерлер сынында Жансай Смағұлов 7 тамыз күні белдеседі. Әйелдер арасында екінші жолдаманы иеленген Мариан Ордабаева тамыздың оны күні сынға түспек. Ал Максим Раковтың өнеріне тамыз айының 11-і күні куә боламыз. Айта кететіні, олимпиада ойындарының іріктеу кезеңдері 6-12 тамыз күндері аралығында әр салмақ бойынша Астана уақытымен 19:00-де, ал жартылай финал мен финалдық бәсекелер түнгі 00:30-да басталатын болады.
Ақпарат көзі: ҚазАқпарат
Ұқсас жаңалықтар
Үстел теннисінің үміттері
- 10 маусым, 2025
Ақпарат
Сотқа деген сенім – бәрінен маңызды
- 1 шілде, 2025
Жамбылда ҚАЖД қызметкерлері қан тапсырды
- 14 маусым, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді