Алматыға Мысырдан 12 арыстан әкелінді
Алматының Абай даңғылымен жүріп өткен цирк артистерінің шеруі халқының, әсіресе, балалардың назарын өзіне ерекше аударды. Шеру халықаралық жобаға кірген «12 арыстан мен Мысыр ханзадасы» атты мерекелік кавалькада талаптарына сәйкес жүргізілді. Сонымен қатар, салтанатты шеруге Алматы циркінің «Номад» тобының аттары мен акробаттары, үйретілген хайуанаттары, жонглерлер мен сайқымазақтар және цирк балетінің артистері қатысты.
«Бұл шара Алматы қаласының 1000 жылдық мерейтойына арналып ұйымдастырылып отыр. Алматы циркі Абай даңғылының бойымен Достық көшесіне дейін жүріп өтіп, халықаралық цирк шеруін бастап берді. Ол үшін Мысырдан 12 арыстан иесімен келгенін де айтуға тиістімін», – деді Қазақ мемлекеттік циркінің директоры Бақыт Бөкебаев.
Цирк шеруі Алматыда үш күн әрі үш бағытта жүреді.
Алдағы сенбі күні мысырлық әйгілі цирк шебері Хамад Кут Алматы циркінің аренасында «12 арыстан мен Мысыр ханзадасы» аттракционымен өнер көрсетеді. Ақпарат көзі: Егемен Қазақстан
Ұқсас жаңалықтар
Тұмау тигендердің 60 пайыздан астамы балалар
- 22 қараша, 2025
Туберкулезге қарсы күрес жұмыстары талқыланды
- 18 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




