Денсаулық
Т.Төлешев халықаралық қылмыстық топтарды қолдап келген - ҰҚК
- author «Ақ жол»
- 11 шілде, 2016
- 424
Т.Төлешев халықаралық қылмыстық топтарды қолдап келген - ҰҚК
Билікті басып алуға әрекет етті деп айыпталып отырған бұрынғы бизнесмен Тоқтар Төлешев халықаралық қылмыстық топтарды қаржыландырып, оларды үнемі қолдап келген.
Бұл туралы бүгін Ұлттық қауіпсіздік комитеті баспасөз қызметінің өкілі Руслан Қарасев мәлім етті.
Тоқтар Төлешев пен оның халықаралық сыбайластары өздерін «бауырлас топ» деп атаған. Ал, Т. Төлешев осы трансұлтты қылмыстық топтардың басшыларына қаржылай көмек беріп келген.
«Тергеу анықтағандай, Т. Төлешев «Хасан ата» атты лақап атымен танымал Аслан Усоянмен, «Ташкенттің Жорасы» деген Георгий Сорокинмен, «Мерный Гафур» атты лақап аты бар Гафур Арсланбек Рахимовпен, «Бухар Максим» атты лақап аты бар Нозин Жұмаевпен, «Ильяс көке» атты лақап атымен танымал Ильяс Сұлтановпен тығыз байланыста болған»,-дейді Руслан Қарасев.
Тергеу барысында анықталғандай, Т. Төлешев жоғарыда аты аталған адамдарға және олардың қылмыстық тобына үнемі ірі көлемде қаржы аударып отырған.
Ақпарат көзі: ҚазАқпарат
Ұқсас жаңалықтар
Көз - тіршілікті тану үшін берілген
- 18 қазан, 2025
Эмпатия - рухани жетілудің көрінісі
- 11 қазан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді