Денсаулық
Головкин: Орта салмақтағы барлық белбеуді жинамайынша 168 фунтқа көтерілмеймін
- author «Ақ жол»
- 10 шілде, 2016
- 416

Головкин: Орта салмақтағы барлық белбеуді жинамайынша 168 фунтқа көтерілмеймін
Геннадий Головкин орта салмақтағы барлық белбеуді жинамайынша 168 фунтқа көтерілмейтінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz порталы BoxingScene.com басылымына сілтеме жасап.
"Менің мақсатым бар - орта салмақтағы барлық чемпиондық белбеудің иегері болу. Осы мақсатқа жету үшін қолдан келгенін жасаймын. Қазіргі салмақ дәрежемде жақсы боксшылар, чемпиондар бар. Менің ой-ауаным да, мақсатым да осы жайлы. Мұны жүзеге асырмайынша, жоғары көтерілмеймін", - деп білдірді пікірін Геннадий Головкин.
Айта кетейік, қазақстандық боксшының төрт титулы бар. Ол WBA және IBO титулын бұрын алған. Ал өткен жылы Давид Лемьеден IBF белбеуін тартып алды. Ал Сауль "Канело" Альварес бас тартқаннан кейін GGG WBC белбеуінің заңды иегері атанды. Айта кетейік, Головкин келесі жекпе-жегін 10 қыркүйекте Ұлыбританияда ағылшын боксшысы Келл Брукке қарсы өткізеді.
Ұқсас жаңалықтар
Оңалтудан уақытылы өтсең – оң нәтижеге қол жеткізесің
- 16 қыркүйек, 2025
Қаратау елді мекенінде жаңа медициналық пункт ашылды
- 14 қыркүйек, 2025
Ақпарат
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді