Шкафтан табылған 150 мың еуро
Осыдан бірнеше күн бұрын Германияның Минден қаласында Мұхаммед есімді босқын қайырымдылық ұйымы берген шкафтан 150 мың еуро көлемінде ақша тауып алыпты. Ойламаған жерден байлыққа кенелген ол көп ойланбастан, жергілікті билікке қайтарып берген екен.
Өткен жылы ғана Сириядан қоныс аударып келген 25 жастағы жігіт бұл ісі арқылы көпшіліктің ыстық ықыласына бөленіп үлгерді. Мәліметтерге қарағанда, 50 мың еуро қолма-қол түрінде болса, қалған 100 мың еуро чек түрінде тақтайдың ішінде жасырылған екен. Осыдан соң сириялық азамат бірден тиісті орындарға хабар берген.
– Мұхаммед көпшілікке үлгі боларлықтай іс жасады. Бүгінде табылған ақшаны полиция қызметкерлеріне тапсыратындар жоқ деп айтуға келмес. Бірақ мұндай қомақты қаржыны қайтарғанды алғаш көріп отырмын, – деді полиция қызметкерінің бірі.
Қазіргі таңда құқық қорғау органдары ақшаның өз иесін іздестіруде.
Мұхаммед Германияға 2015 жылдың қазан айында келген. Бүгінде ол неміс тілін арнайы курстардан үйреніп жатыр. Туған елінде ол байланыс технологиялары мамандығы бойынша білім алған екен. Алдағы уақытта осы білімін жергілікті жоғары оқу орындарының бірінде жалғастыруды мақсат етіп отыр.
Айта кетейік, бүгінде Таяу Шығыс елдеріндегі жағдайдың қиындығына байланысты Еуропаға көшіп жатқандардың қатары күн санап артып барады. Біріккен Ұлттар Ұйымы бір ғана Сирияда 4,6 миллион адам туған елін тастап кетуге мәжбүр болғанын хабарлады. Ал, жалпы алғанда, көптеген елдердегі босқындардың саны миллиондаған адамды құрап отыр.
Ақпарат көзі: «Егемен Қазақстан» газеті
Ұқсас жаңалықтар
Барлық қолдау – халықтың игілігі үшін
- 24 қазан, 2024
Түркия – медициналық туризмде бесінші орында
- 24 қазан, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді