
Түркияда тұрғындары түгелдей велосипед мінетін ауыл бар
Түркияда халық арасында “Велосипед республикасы” деп аталып кеткен ауыл бар. Анадолының оңтүстік өңіріне орналасқан бұл елді мекеннің барлық тұрғыны автомобильден бас тартып, велосипедке көшкен. Жасы да, жасамысы да осындай оңтайлы көлікке мініп алып, шаруасын дөңгелетеді.
Бұл туралы “Қазақстан” Ұлттық арнасы хабарлайды. Елді-мекеннің кез-келген көшесіне арнайы велотұрақтар орнатылған. Ауданда 6 мыңға жуық қала тұрса, олардың әрқайсында 5-6 велосипедтен бар екен. Ұла ауданының әкімі де қызыл темір тұлпар мініп жүр. Түркиядағы билік өкілдері де осы бір екі аяқты көлік түріне мінеді екен. Тек бұл аймақта велосипед сән үшін емес, тән саулығы үшін қолданылады. Әрі табиғатты сақтап, экологияны қорғаудың бір амалы. “Әкімшіліктегі барлық қызметкерлеріміз велосипед тебеді. Қасымдағы шаруашылық бөлімінің басшысы да міне менімен бірге велосипед мініп жүр. Біз қарапайым тұрғындарға осылайша үлгі боламыз. 28 жыл бойы осы ауданды басқарып келемін, ресми шаралардан бөлек күнделікті жұмысқа осылай барамын”, – дейді Ұла ауданының әкімі Үміт Қараарслан.
Ақпарат көзі: Stan.kz
Ұқсас жаңалықтар
Көз - тіршілікті тану үшін берілген
- 18 қазан, 2025
Эмпатия - рухани жетілудің көрінісі
- 11 қазан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді