Денсаулық
Допинг қолданған Жасұлан Қыдырбаев спорттан 8 жылға шеттетілді
- author «Ақ жол»
- 27 маусым, 2016
- 686
Допинг қолданған Жасұлан Қыдырбаев спорттан 8 жылға шеттетілді
Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) қазақстандық зілтеміршілер – Жасұлан Қыдырбаев, Алмас Өтешев пен Ермек Өміртайды допингке байланысты спорттан шеттетті.
2015 жылы желтоқсан айының соңында IWF Хьюстонда өткен сол жылғы әлем біріншілігі кезінде тапсырған допинг-сынамаларынан тыйым салынған препараттар табылғаны үшін қазақстандық спортшыларды уақытша спорттан шеттеткен болатын. Енді халықаралық ұйым Алмас Өтешев пен Ермек Өміртайды 4 жылға, ал тыйым салынған препаратты қайталап қолданғаны үшін Жасұлан Қыдырбаевты 8 жылға спорттан шеттетті. Одан бөлек, Өтешев пен Қыдырбаев Хьюстонда өткен әлем чемпионатында алған медальдарынан айырылды. Естеріңізде болса, байрақты бәсекеде Алмас күміс, Жасұлан қола медаль еншілеген еді.Ұқсас жаңалықтар
Әрбір бесінші бала алыстан көрмейді
- 11 наурыз, 2026
Жыл сайын 20 мыңға жуық жаңа туылған нәрестеге екпе егіледі
- 5 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




