Ас атасы саналатын нанға жетер ештеңе жоқ. Осы орайда Қылышбай ауылында жуырда ашылған «Нұрдәулет» наубайханасының игілікті ісіне жұрт риза. Қылышбайлық кәсіпкер Күміс Қашағанова наубайхана ашуды көптен армандапты. Үкіметтің қолдауына сүйеніп, өз қаражаты есебінен кәсіпкерлік нысанын ашқан кәсіпкер бүгінгі тірлігіне шүкіршілік етеді. Ол екі адамды жұмыспен қамтып, оларға 35 мың теңге көлемінде айлық жалақы төлеп отыр. Алдағы уақытта мемлекеттік бағдарлама арқылы несие алып, өз кәсіпкерлігінің желісін кеңейтумен қатар жұмысшылар санын да арттырып, күніне 200-300 нан пісіріп, тұрғындарды нан өнімдерімен толық қамтамасыз етуді ойластыруда. Мұндағы әлеуметтік нанның бағасы ауылдықтар үшін қолжетімді, бір бөлке нан 55 теңгеден сатылуда.
Бұған риза болған ауыл тұрғындарының бірі – Пернекүл Сейсебаева «Өзімізде наубайхана ашылғалы жақсы болды. Бұрын нан бағасы 80 теңге болса, қазір 55 теңге. Тіпті, қазір үйде нан пісіргенді де қойдық. Арнайы тапсырыспен 25 теңгеге бөлішке, 40 теңгеге тандыр нан алып тұруға да болады. Оның үстіне наубайхана нанының дәмі тіл үйіреді» десе, Айгүл Әліпбекова мен Ләззат Иетаева «Әсіресе, көп балалы аналар үшін жеңілдік беріп отыр. Мұндағы нанның бағасы арзан әрі сапалы» деп кәсіпкердің мақтауын жеткізді. Өткен айда облыс басшысы Кәрім Көкірекбаев ауданға жұмыс сапарымен келгенде нан бағасының қымбаттамауын қатаң ескертіп, аудан басшылығына нақты тапсырма берген болатын. Аудан әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы Қалима Исабаева берілген тапсырманың нақты орындалып, ауданда әлеуметтік нан бағасының 55 теңгеге тұрақталғанын айтады. Нан бағасының осылайша күрт төмендеуіне облыстық тұрақтандыру қорынан арзан бағада жеткізілген ұн себепкер болған. Яғни өткен соңғы екі айда аталған қордан 5 тонна құмшекер, 15 тонна ұн жеткізіліпті. Төмен бағада жеткізілген ұн округтерде жұмыс істеп тұрған наубайханаларға таратылып берілген. Алдағы уақытта облыстық тұрақтандыру қорынан тағы да 10 тонна ұн әкелінуі ойластырылып қойыпты. Әлеуметтік нан бағасының қолжетімді болуы ауыл тұрғындарының көңілінен шығып отыр.
Уалихан ЖАЙЛАУ, «Ақ жол».
Мойынқұм ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Болашақ сарбаздар бірқатар сараптамадан өтуге міндеттелді
- 29 қазан, 2024
Кітапханадағы келелі кездесу
- 29 қазан, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді