Денсаулық
“Алтын адамды” тапқан арxеолог Бекен Нұрмұханбетұлы өмірден озды
- author «Ақ жол»
- 13 маусым, 2016
- 298
“Алтын адамды” тапқан арxеолог Бекен Нұрмұханбетұлы өмірден озды
Алматы облысының “Есік” қорық-музейінің қызметкері, археолог, атақты “Алтын адам” жауынгерін тапқан Бекмұханбет Нұрмұханбетұлы 81 жасына қараған шақта жарық дүниемен қош айтысты.
Бұл туралы Kazmuseum.kz ресми сайты xабарлауда.
“Алматы облысының “Есік» қорық-музейінің қызметкері, археолог, ел арасында «Алтын адам» атанып кеткен Бекмұханбет Нұрмұханбетұлы ақсақал 81 жасында дүниеден өтті. Марқұмның отбасы мен туған-туыстарына қайғысына ортақтасып көңіл айтамыз. Бекен атамыздың жарқын бейнесі мəңгі есімізде қалады!” – делінген xабарламада.
Бекмұханбет Нұрмұханбетов 1935 жылы Алматы облысы Ақсу ауданы Еңбек ауылында туған. Жетісу жерінен табылып, бүкіл әлемге Қазақ елінің тарихи төлқұжаты болып танылған, көне сақ мәдениетінің баға жетпес асыл қазынасы – “Алтын адам” жәдігері адамзат тарихын алтын зермен бедерлегені ақиқат.
1969 жылы археология ғылымына өзіндік із қалдырған көрнекті ғалым К.Ақышев бастаған зерттеу тобы әлемге “Алтын адам” атауымен мағлұм болған сақ жауынгерінің обасын тапты. Өзге мәдениет өкілдері тас қашап, тері жамылып жүргенде сақтардың озық технологияны меңгеріп, күні бүгінге дейін қорыту тәсілі беймәлім боп отырған алтын бұйымдарға ие болғаны анықталған болатын.
ақпарат көзі: Stan.kz
Ұқсас жаңалықтар
Барлық қолдау – халықтың игілігі үшін
- 24 қазан, 2024
Түркия – медициналық туризмде бесінші орында
- 24 қазан, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді