Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің шұғыл кезекшісіне биылғы 21 мамыр күні сағат 16. 55-те Тараз қаласы Асқаров көшесіндегі бес қабатты №227-үйдің шатырынан дәнекерлеушінің гранатаға ұқсас екі зат тапқаны туралы суыт хабар түседі. Оқиға орнына департаменттің төтенше жағдайды жою бөлімінің бастығы А. Дадаев бастаған өрт сөндіру, авариялық құтқару жұмыстары қызметі және жедел құтқару қызметінен арнайы техникамен барлығы 31 адам санаулы минуттарда жетеді. Полиция қызметкерлері де шұғыл жетіп, 45 тұрғынды қауіпсіз жерге көшіреді. Облыстық ішкі істер департаментінің «Арлан» арнайы сапер тобымен тексеру өткізіліп, табылған заттың алдын ала болжам бойынша жауынгерлік «РГД-5» гранатасы екені анықталды. Жарылғыш зат Тараз қаласының ішкі істер басқармасына тексеру және зертханалық жұмыстар жүргізу үшін тапсырылды. Құқық қорғау органдары екі гранатаның көпқабатты тұрғын үй шатырында қалай пайда болғанын анықтайтын болады.
Амангелді АБЫЛАШҰЛЫ, журналист.
Ұқсас жаңалықтар
Жазасын өтеушілер дін саласының өкілдерімен кездесті
- 16 қазан, 2024
Тауар таңбасы заңмен қорғалады
- 8 қазан, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді