Бұл Рамазанда 22 сағат бойы ауыз бекітетін елдер белгілі болды
- author «Ақ жол»
- 3 маусым, 2016
- 447

АСТАНА. ҚазАқпарат - Швеция, Норвегия және Исландияның кейбір қалаларында мұсылмандар бұл Рамазан айында шамамен 22 сағат ауыз бекітетін болады, деп жазады ihsan.kz.
Стокгольм швед әлеуметтік істері және дін қызметтері атташесі Фатих Мехмет Каражаның мәлімдеуінше, Түркияның Дін істері басқармасының кестесіне сәйкес, Швецияның Кируна, Норвегияның Тромсо қалалары мен Исландияның астанасы Рейкьявикте ауыз бекіту уақытының ұзақтығы шамамен 22 сағат болмақ, ал Стокгольм, Осло, Копенгаген және Хельсинки қалаларында 20 сағат болады.
Рейкьявик қаласында өмір сүріп жатқан мұсылмандар Рамазанның алғашқы күнінде 21 сағат 38 минут ауыз бекітіп, Әлемдегі ең ұзақ ауыз бекіткен мұсылмандардан болса, Аргентинаның Ушуайа қаласындағы мұсылмандар 9 сағат 7 минут ауыз бекітіп, әлемдегі ең қысқа уақыт ауыз бекіткендерден болмақ.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, қазақстандықтар 17-18 сағатқа созылады.
Мына сілтеме арқылы Ораза кестесімен танысуға болады.
Ұқсас жаңалықтар
Тараздық 350 жігіт әскерге барады
- 7 қыркүйек, 2025
Облыс бойынша әлі де 109 дәрігер жетіспейді
- 4 қыркүйек, 2025
Ақпарат
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді