Бүгін еліміз бойынша мектеп түлектерінің жалпы орта білімін аттестаттайтын ұлттық бірыңғай тестілеу басталды. Жалпы, тестілеу 2-15 маусым аралығында өтеді. Облыс бойынша 8561 бітірушінің 6065-сі тест тапсыруға өтініш білдірген. Оның 220-сы –«Алтын белгіге», 86-сы – үздік аттестатқа үміткерлер. Ұлттық бірыңғай тестілеудің алғашқы күнінде облыс бойынша 122 мектептің 2380 түлегі сынаққа қатысты. Облыстық білім басқармасының мектепке дейінгі және орта білім бөлімінің басшысы Айдын Досыбаеваның берген мәліметіне сүйенсек, бұл – Жуалы, Қордай, Меркі, Т. Рысқұлов, Шу аудандары мен Тараз қаласының бірінші лекке түскен мектеп бітірушілері екен. Яғни, осы күні тестілеу облыстағы 10 ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу пункттерінің алтауында өткізілді. Тараз қаласында 2 тестілеу өткізу пункті орналасқан. Оның бірі – М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің, екіншісі – Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының базасында орналасқан. Тараздық 1481 түлек сынақты екі лекте ТарМУ-дың базасындағы пунктте тапсырады. Ал ТарМПИ базасындағы №837 пункттегі алғашқы сынақ 3 маусым күні өтеді. Бұл пунктте Жамбыл, Байзақ аудандарының және облыстық 3 тілде білім беретін лицейдің, Н.Тілендиев атындағы және «Дарын», дарынды ұлдар және қыздарға арналған мектеп интернатының бітірушілері тест тапсырады.
Ұқсас жаңалықтар
«Сапалы білім – саналы ұрпақ кепілі» атты кездесу өтті
- 24 қазан, 2024
Бар ғұмырын білімге арнаған
- 7 қазан, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді