Doing Business рейтингiсi бойынша Қазақстан сыртқы сауданың дамуы тұрғысынан 189 елдiң iшiнде 50-орында. Бұл туралы ОКҚ брифингiнде Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Сыртқы сауда қызметi департаментiнiң директорының мiндетiн атқарушы Әлия Әлiмбетова мәлiмдедi.
«Бүкiләлемдiк банктiң 2014 жылғы есебiне сәйкес Қазақстан 189 елдiң iшiнен 50-орында. Бiз өткен жылмен салыстырғанда 3 сатыға көтерiлдiк. Бiздiң ел ТМД мемлекеттерi бойынша көш бастап тұр. Атап айтар болсақ, Ресей 92-орында, Беларусь 63-орында, Қырғызстан 68-орында. Көптеген елдер бiзден қалып келедi. Doing Business рейтингiсi бойынша үздiк елу елдiң қатарына кiрдiк. Бұл бiздiң елдегi сыртқы сауда саясатының бизнес климатының дамуы мен жақсаруына, экспорттық-импорттық операциялардың жетiлуiне септiгiн тигiзедi», - деп қосты ол.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді