Кеше таңға жақын Байқоңырдан ұшырылған “Протон-М” зымыраны Қытай территориясының аспанында түгелдей жанып кеткен. Оның сынықтары Жер бетіне түскен жоқ деп мәлімдеді Роскосмос басшысы Олег Остапенко РИА Новостиге берген сұхбатында. “Зымыран тасығыш, жүрдек блок және спутниктің өзі атмосфераның тығыз қабаттарында түгел өртеніп кеткендігі туралы ақпарат расталды. Бұл жайт Қытайдың аспанында орын алған. Апат болған биіктікті есептей келе зымыран қалдықтарының жерге жетпегендігін сеніммен айта аламыз” деді Остапенко тілшіге берген сұхбатында. Егер “Протон-М” “Экспресс-АМ4R” байланыс спутнигін ғарышқа шығара алғанда, Ресейдің қиыр аймақтарындағы елді мекендерге арзан интернет қолжетімді болар еді. Роскосмос қазір мән-жайды зерттеп бітпейінше Байқоңырдан зымыран тасығыштарды ұшыруды уақытша тоқтататынын хабарлады.
Ұқсас жаңалықтар
Ауқымды реформалар – алға басудың алғышарты
- 27 маусым, 2024
Адами борыш, азаматтық міндет
- 17 маусым, 2024
Ақпарат
Президент эстрада әншісін «Барыс» орденімен марапаттады
- 22 шілде, 2024
Таразда тіркелген қылмыс саны 29 пайызға төмендеген
- 18 шілде, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді