Күшенген жеңбейді, күші көп жеңеді

Күшенген жеңбейді, күші көп жеңеді
ашық дереккөз
Күшенген жеңбейді, күші көп жеңеді

Қорғаныс министрі облыста болды

15Кеше Қорғаныс министрі Серік Ахметов облысымызға жұмыс сапарымен келіп, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің тыныс-тіршілігімен танысты. Т. Рысқұлов ауданындағы Луговой бекетінде С. Ахметов дербес мотоатқыштар және танк батальондарымен танысып, Жуалы ауданындағы Б. Момышұлы кентінде шоғырланған Қазақстандағы бірден-бір дербес тау-егері полкында болды.

Министр облыс орталығында «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының басқармасына, дербес тау-атқыштары құрамасына және гарнизондық әскери госпиталіне атбасын бұрды. Облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің жиын пунктінде болған қорғаныс ведомствосының басшысы әскерге шақыру науқаны барысымен танысып, жастарды сапалы іріктеу туралы нақты тапсырмалар қойды. Министр Серік Нығметұлы аталған департаменттің облыстық жинақтау пунктіндегі қызметтік кабинеттерді, әскери қызметшілерді келісім-шарт бойынша жинақтау пунктін, әскерге шақырылушылардың казармасын, асханасын, кәсіби-психологиялық іріктеу сыныбын, медициналық комиссия бөлмелерін аралап көрді. Осында әскерге шақырылушылармен кездесіп, олардың Отан қорғауда азаматтық борыштарын мінсіз атқаруларына тілек білдірді.

С. Ахметов Тараз гарнизонындағы бөлім командирлерімен болған кеңесте Мемлекет басшысы назар аударып отырған еліміздің оңтүстігінде әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде жүктеген міндеттердің маңыздылығын атап өтіп, әскерлердің даярлық сапасы мен әскери қызметшілердің машығын арттыру мәселелеріне ерекше тоқталды. Қорғаныс министрі Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас Қолбасшысы қойған тапсырмаларды табысты орындау үшін қажетті жағдайдың бәрі жасалғанын атап өтті. Қарулы Күштерді дамытуға, әскерлерді жарақтандыру мен әскери инфрақұрылымды жетілдіруге, сондай-ақ, әскери қызметшілерді әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесін нығайтуға жұмсалатын қаражат жыл сайын артып келеді. С. Ахметов әскерлердің жауынгерлік және жұмылдыру даярлығын жоғары деңгейде ұстап тұрудың, кәсіби және жауынгерлік даярлық сапасын арттырудың, жоғары әскери тәртіп пен құқық тәртібін қамтамасыз етудің қажеттілігін атап өтіп, өңірлік қолбасшылық басшылығына шалғайдағы бөлімдер мен бөлімшелерге, әскери қызметшілердің қызметі мен тұрмысына айрықша көңіл бөлу туралы тапсырма берді. Қорғаныс министрі: «Аудандағы әскерлердің жауынгерлік даярлығы мен жауынгерлік қабілетінің артуы осындай жұмыстардың нәтижесіне байланысты»,– деді. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылық әскерлері қолбасшысы, генерал-майор Талғат Қойбақов барлық кездесулерде министрмен бірге жүрді.

Лесбек Сайлаубек, «Ақ жол».

Суретті түсірген Ақәділ Рысмахан.

Rather than encouraging innovation, the nea gives undue voice to its rear guard tick this site through its structures and culture, brad jupp, a former union activist, wrote in an e-mail.

Ұқсас жаңалықтар