Шахтадағы апаттан қаза тапқандар саны 200-ден асты
- author «Ақ жол»
- 15 мамыр, 2014
- 15.3k
13 мамырда Түркияның батысындағы шахтада болған жарылыстан қаза тапқандар саны 201 адамға жетті, деп хабарлайды Би-Би-Си. Үйінді астынан жүздеген адамдар әлі іздестірілуде.
Апат Ыстамбұлдан 250 шақырым қашықтықтағы Сома елді мекенінде орын алды. Елдің энергетика министрі Танер Йылдыздың айтуынша, электр сымының тұйықталуы өртке және жарылысқа әкеп соқтырған. Ал қала мэрі Маниса Дженгиз Эргюннің хабарлауынша, жарылыс құрбандарының саны әлі нақты емес. Жарылыс болған сәтте шахтада 580 кенші жұмыс істеп жатқан. Олардың көпшілігі өздігінен жоғарыға шыға алды. Қазіргі уақытта оқиға болған жерде құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Интернет материалдары негізінде әзірленді.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін кезекті Үкімет отырысы өтеді
- Бүгін, 09:15
Жасанды интеллектіні енгізу нақты нәтижеге бағытталуы тиіс – Бектенов
- 10 қыркүйек, 2025
Ақпарат
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді