Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының аралас хоры Бейжіңде өтетін «Beijing Music Modern Festival-2014» замануи музыка фестиваліне қатысады.
Консерватория хорының концерттік бағдарламасында қазақ, орыс, түркімен, молдова, американдық композиторлардың шығармалары қамтылған. Оған ҚР Халық әртісі, консерваторияның ректоры Жәния Әубәкірова қатысады. Cтуденттерден құралған бұл аралас хор 1994 жылы 1 қазанда құрылған. Музыкалық ұжым консерватория мен қаланың концерттік бағдарламаларына қатысып, Қазақстанның түрлі қалалары мен одан тыс елдерге гастрольдік сапарлармен шығады. Бейжіңде Орталық музыка консерваториясымен ұйымдастырылған бүкіл әлемге танымал фестиваль ҚХР Білім министрлігі мен Мәдениет министрлігінің және ұлттық демеушілердің қолдауымен өтіп жатыр. Ол Қытай астанасында 16-21 мамыр аралығында өтеді.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін кезекті Үкімет отырысы өтеді
- 15 қыркүйек, 2025
Ақпарат
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді