Данияр олимпиада жолдамасын иеленді

Данияр олимпиада  жолдамасын иеленді
ашық дереккөз
Данияр олимпиада жолдамасын иеленді

Қазақстандық боксшы енді 2 дүркін әлем чемпионы атануды көздейді

Бокстан Катар астанасы Дохада өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық қос боксшы 69 келі салмақ дәрежесіндегі Данияр Елеусінов пен аса ауыр салмақтағы Иван Дычко әлем чемпионатының ақтық сынына шықты. Жартылай финалда әзірбайжандық былғары қолғап шебері Парвиз Багировтың аптығын басқан құрама капитаны Данияр Елеусінов әлем біріншілігінің финалына шыққаннан бөлек, келесі жылы Бразилияда өтетін Олимпиада ойындарына жолдаманы жеңіп алды. Енді қазақ боксшысы мұнымен тоқтап қалмай, екі дүркін әлем чемпионы атануды мақсат етіп отыр. Әлем чемпионатының жартылай финалында аса ауыр салмақтағы үмітіміз Иван Дычко өзбекстандық Баходир Жалоловтың жолын кесті. Алыптар айқасында бабы келіп, бағы жанған Иван әлем чемпионы атанған жағдайда ғана Олимпиада жолдамасын қалтасына салады. Бір сөзбен айтқанда, Ваня үшін алда жан алысып, жан берісетін жекпе-жек тұр. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін AIBA PRO BOXING жобасы арқылы 49 келідегі Біржан Жақып пен 60 келідегі Берік Әбдрахманов Олимпиада жолда­масын иеленген болса, Бүкіләлемдік бокс серия­сында бақ сынаған Василий Левитте де жолдама бар. Біз қазақ бокс­шыларына сәттілік тілейміз!

Табиғат Абаилдаев, «Ақ жол».

Ұқсас жаңалықтар