Қазақстан халқы тілдері күні аясында облыс әкімдігі тілдерді дамыту басқармасына қарасты Мемлекеттік тілді оқыту орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі №2035 әскери бөлімінің клубында «Тілге құрмет – елге құрмет» тақырыбында өткен офицерлік балдың да көпшілікке әсері мол болды.
Іс-шарада сөз алған облыс әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының басшысы Ғалия Боранбаева Елбасымыздың ерен саясатымен елімізде жүздеген ұлттың өкілдері еркін өмір сүріп жатқанын, ана тілімізбен қатар өзге тілдерге де құрмет мол екенін айтып, қатысушы топтарға сәттілік тіледі. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі №2035 әскери бөлімінің тәрбие бөлімінің басшысы Дамир Төлеубаев көпшілікті тілдер күнімен құттықтап, іс-шараның жемісті өтетініне сенім білдірді. Офицерлік балға үш әскери топ қатысып, «Еліме қызмет етемін», «Әр ұлттың биінен попурри», «Полиглот», «Әр ұлттың салты басқа...», «Патриоттық ән орындау», «Бір әуенге балдық би билеу» бөлімдері бойынша сынға түсті. Мазмұнды шараға қатысушылар әдемі, әсерлі әндерді әуелете шырқап, әр ұлттың билерін мың бұрала биледі. Осылайша, олар ынтымағы жарасқан еліміздегі бірлікті, берекелі тірлікті, достық пен татулықты насихаттады. Қазылар алқасының шешімімен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі №2035 әскери бөлімінің «Шекара тарландары» командасы офицерлік бал әскери байқауының жеңімпазы атанды. Жүлделі екінші орынды «Оңтүстік» өңірлік әскери Қолбасшылығының «Оңтүстік қырандары» командасы олжаласа, жүлделі үшінші орын Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы №5513 әскери бөлімінің «Тәртіп сақшылары» командасына берілді. Офицерлік бал әскери байқауын облыс әкімдігі тілдерді дамыту басқармасына қарасты Мемлекеттік тілді оқыту орталығының директоры Күлшат Қожатаева қортындылап, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапаттады.
Есет Досалы, «Ақ жол».
Тараз қаласы.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді