Алматы облысында 5 балдық жер сілкінісі болды

Алматы облысында 5 балдық жер сілкінісі болды
ашық дереккөз
Алматы облысында 5 балдық жер сілкінісі болды

pogudxaHR0cDovL2kuY2RubmFpai5jb20vby9CS0lPeUNNcWlLUHlkakNTUllsSHBGYkkuanBn.prx.1b2fdc79Алматы облысында 5 балдық жер сілкінісі болды.

«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі  бүгін сағат 15:20:15-те жер сілкінісін тіркеді.

Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы ақпаратынша, жер дүмпуінің ошағы Қазақстан аумағында Алматы қаласынан шығысқа қарай  115 км жерде орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 10.8, магнитуда MPV – 5.0, ошақ координаттары – 43.44° с.ш. 78.30° в.д., тереңдігі – 25 км.

Ұқсас жаңалықтар