Денсаулық
12 жасар қыз отқа оранған үйден төрт баланы алып шықты
- author «Ақ жол»
- 4 қыркүйек, 2015
- 509

12 жасар қыз отқа оранған үйден төрт баланы алып шықты
Марий Эл Республикасындағы Моркинск ауданында алтыншы сыныпта оқитын қыз өзінің сіңлісі мен үш інісін құтқарғаны үшін «За отвагу на пожаре» медалімен марапатталмақ.
Бұл оқиға тамыздың аяғында Октябрьский кентінде орын алды. Өрт басталған шақта үй ішінде бес бала жүрген. Әке-шешелері болса, жұмыста. Алайда 12 жастағы қыз асып-саспаған. Кіре берісте түтіннің будақтап жатқанын көрген бетте дереу асхананың терезесі арқылы барлық баланы кезек-кезегімен қолынан тартып алып, сыртқа шығарып үлгерген.
Құтқарушылар өрт орнына келгенде үй лапылдап жанып жатқан. Өрт салдарынан үйдің орны ғана қалды. Оның шығу себебі тексеріліп жатыр.
Ұқсас жаңалықтар
Балалар денсаулығын нығайту – басты назарда
- 11 қазан, 2025
Телепатология жүйесі іске қосылды
- 11 қазан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді