Қазақстан рубльге қатысты «беске бір» тепе-теңдігіне қайта оралмайды

Қазақстан рубльге қатысты «беске бір» тепе-теңдігіне қайта оралмайды
ашық дереккөз
Қазақстан рубльге қатысты «беске бір» тепе-теңдігіне қайта оралмайды

20150903155918Қазақстан Ресей рубліне қатысты «беске бір» тепе-теңдігіне таяу аралықтың ішінде қайта оралмайды. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Ұлттық экономика вице-министрі Тимур Жақсылықов мәлім етті.

«Осыдан екі жыл бұрын болған дәл осы «беске бір» тепе-теңдігі (теңгенің ресейлік рубльге қатысты) болуы қажет деп санайтындықтарыңыз түсініксіз. Иә, бұл - тарихи тепе-теңдік Ресей мен Қазақстанда 1998 жылы құнсыздану орын алғаннан кейін сақталған болатын. Бірақ 90-шы жылдарда бізде мүлдем бөлек тепе-теңдік болған еді», - деді вице-министр БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Оның пайымынша, аталған тепе-теңдік қандай да бір негізделген немесе қатаң экономикалық алғышартты  емес. Сондықтан  да қазіргі уақытта екі елдің ұлттық валюталары арасында басқа тепе-теңдік бар. «Бесте бір» тепе-теңдігіне біздердің қайта оралуымыз мүмкін емес», - деп қосты ол.

Т.Жақсылықовтың айтуынша, өткен жылдары ішінде Ресейде девальвациялық процестің қарқынды орын алуымен қатар инфляциялық процестің де үдей түскені байқалады.

«Яғни, өнім құны күрт өсті. Жылдық мәнде инфляция 22-24 пайызға (Ресейде) дейін жетті, ал кейбір өнімдерде одан да жоғары. Дәл осы аралықта бізде 2015 жылдың бірінші жарты жылдығы бойынша инфляция 3,9 пайызды құрады», - деді ол.

Оның сөзіне қарағанда, осы баға өзгерістері беске бір тепе-теңдігіне  күрт түзетулер енгізді.

«Теңгенің еркін бағам айналымына көшкенімізге көп уақыт бола қойған жоқ. Сонымен бірге біздердің жергілікті жерлерден алып жатқан ақпараттарымыз, керісінше,  бизнестің, оның ішінде азық-түлік саласының дамуы үшін зор серпін алғанын айтуда», - деді Т.Жақсылықов.

Ұқсас жаңалықтар