Сарапшылар Путиннің табиғатынан Құдай екенін дәлелдейтін дөңгелек үстел өткізбек
- author «Ақ жол»
- 2 қыркүйек, 2015
- 440

7 қыркүйек күні Мәскеуде құдай мен Ресей президенті Владимир Путиннің байланысын қарастыратын дәріс пен дөңгелек үстел өтеді.
Православтық “Божья воля” қоғамдық қозғалысының белсендісі, “метафизикалық путинизм бойынша сарапшы” Дмитрий Энтео Путиннің діни табиғатын көпшілік алдында зерттейді деп жазды Оm1 ресейлік порталы.
Дәріске келгендер «президент Владимир Путин құдай болма ала ма?» немесе «Владимир Путиннің қалауы құдайдың қалауымен бірігіп, жақсылық тұрғысынан мінсіз бола ма?» деген сұрақтарға жауап алады.
Ресей басшысы құдайды шексіз тануға бел буа ма? Владимир Путин табиғатынан құдай ма, жоқ әлде ол тек енді ғана құдай атана ма? Владимир Путинге жердегі құдай ретінде табынуға бола ма?
Осы сауалдар дәріс барысында талқыланатын болады.
Әңгімелесуден кейін Путиннің Ресейді рухани біріктіргіш ретіндегі рөлін қарастыратын дөңгелек үстел өтіп, әркім өз пікірін айта алады.
Іс-шарадан кейін ұйымдастырушылар дәріс берушімен фотоға түсіп, естелік сыйлықтар алу мүмкіндігі берілетінін айтады.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Сотқа деген сенім – бәрінен маңызды
- 1 шілде, 2025
Жамбылда ҚАЖД қызметкерлері қан тапсырды
- 14 маусым, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді