Аққулар көрдім айдыннан...

Аққулар көрдім айдыннан...
ашық дереккөз
Аққулар көрдім айдыннан...
iK7UJ7RG6wEfxAa3-lg Ұғысқан егіз жүрекпен, Ұғысқан егіз тілекпен. Айдынның самал-жүрегі Толқынға мұны сыр еткен. Сол көлді өскен жағалай Құрақ та байсалды анадай, Көліңе сүйеп иегін, Тылсым бір тыным табады-ай! Қарайды күн де жаудырап, Жер бетін зермен жабады. Ай сұлу әсем маужырап, Жүзінен нұры тамады. Аяулы-ау аққу сезімі, Маған да аз-кем жұғысты. Бірі-біріне ынтық жандар да Соларша іштей ұғыссын! Бағила СӘРСЕНБАЕВА, ұстаз. Т. Рысқұлов ауданы.

Ұқсас жаңалықтар