Еліміздегі жоғары оқу орындары әзірге бағаны көтермейтінін мәлімдеп жатыр
- author «Ақ жол»
- 26 тамыз, 2015
- 548
Жуырда ғана енгізілген жаңа ақша-несие саясаты еліміздегі жоғары оқу орындарының табысына айтарлықтай кері әсерін тигізбеген сыңайлы.
Қазақстандық менеджмент, экономика және болжау институтының басшылары осылай деп мәлімдеді. Олар сәйкесінше «студенттер үшін оқу ақысын жақын арада көтермейміз» деп сендірді.
Аталған институттың проректоры Кристофер Нгуен теңгенің еркін айналымы жағдайындағы бағамына қатысты оқу орны басшылығының нақты жоспары әзірге жоқтығын мәлімдеді. Яғни бұл жәйтке байланысты оқу орнында толыққанды сараптама жасалатынын жеткізді.
Проректор қандай жағдай болмасын, біржақты шешім шығарылмайтынын айтты.
“Институттың директорлар кеңесі қараша айының соңында бас қосады. Жиында жан-жақты сараптама жасалады. Бюджет комитеті қаржы саясатындағы өзгерістерді талқылайды. Сараптамалық жұмыстар аяқталған соң директорлар кеңесі шешім шығарады. Сондықтан осы жиын өтпей жатып, қазіргі уақытта студенттердің оқу ақысы көтерілмейді”, – дейді ҚМЭБИ-дің проректоры Кристофер Нгуен.
Ұқсас жаңалықтар
Оңалтудан уақытылы өтсең – оң нәтижеге қол жеткізесің
- 16 қыркүйек, 2025
Қаратау елді мекенінде жаңа медициналық пункт ашылды
- 14 қыркүйек, 2025
Ақпарат
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді