Жамбылдықтар спорт күнін атап өтті
Жамбылдық спорт мекемелерінің мамандары Спорт күнін спартакиадамен атап өтті. Шағын футбол мен үстел теннисінен өзара сайысқа түсуге Тараздағы 19 мекемеден бас-аяғы 300-ге жуық адам жиналды,-деп жазады 24.kz. Жарыстың ашылу салтанатында өз жұмысында жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген мамандар мен үздік спортшыларға сый-сыяпат көрсетілді. Бұл шара арқылы ұйымдастырушылар әріптестер арасында достық қарым-қатынасты нығайтып, салауатты өмір салтын насихаттауды көздеген екен. Өңірде соңғы жылдары бұқаралық спортты дамытуға көңіл бөлініп келеді. Гамлет Қайнарбеков, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы: - Жамбыл облысында аудандарда спортты дамыту бағытында олардың инфрақұрылымдарын дамытуда соңғы 3 жылда 8 спорт кешені салынды. Алдағы уақытта жоспарлар бар. Сонымен қатар спорт алаңшалары осы жұмыстарды жалғастыратын болады.
Ұқсас жаңалықтар
Ауқымды реформалар – алға басудың алғышарты
- 27 маусым, 2024
Адами борыш, азаматтық міндет
- 17 маусым, 2024
Ақпарат
Президент эстрада әншісін «Барыс» орденімен марапаттады
- 22 шілде, 2024
Таразда тіркелген қылмыс саны 29 пайызға төмендеген
- 18 шілде, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді