![Тараздықтардың тартуы](https://aqjolgazet.kz/uploads/resized-images/2015/08/IMG_3291-.jpg)
Тараз қаласының 2000 жылдық тойында қасиетті Әулиеата жеріне алыс-жақын шетелдерден қонақтар келіп, халықтың рухы көтеріліп қалғаны әлі есте. Биыл Жамбыл жерінде тағы да бір дүбірлі той өткелі отыр. Ол – Қазақ хандығының 550 жылдығы. Бүгінде елдігімізді танытатын тойға дайындық Тараз қаласында қызу жүріп жатыр. Шаһар көшелері қайта жаңғыртылып, түрлене түсті. Даңғыл жолдардың бойындағы ескі жарықтандыру жүйелері жаңартылып, тұрғын үйлердің қасбеттері сырланып, жаңадан гүлзарлар салынуда. Бұл тойдың ерекшелігі – қызықты думан-cауықтардан гөрі есте қалатын игі істерге мән берілуде. Тараз қаласын көріктендіру, абаттандыру жұмыстарына өзге өңірлер де атсалысуда.
Сондай гүлзарлардың бірі – жергілікті демеушілер есебінен Қайрат Рысқұлбеков саябағы алдында салынып, бүгінде тараздықтардың демалыс орнына айналып үлгерді. Ондағы төрт субұрқақ аптап ыстықта тұрғындар саялайтын орынға айналған. Жалпы, шағын бақтың құрылыс жұмыстарына 20 миллион теңге жұмсалды. Оған аяқ жолдың төсеме тастары, оюы келісті гүлсауыттар, мәрмәрлі орындықтар орнатылып, қоқыс жәшіктері және жарықтандыру жүйелері қайта жаңғыртылды. Сонымен қатар облысымыздың және Тараз қаласының Құрметті азаматтары және Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері, Әлем және Азия чемпионаттары мен Азия ойындарының жеңімпаздарының есімдері жазылған көрнекті тақталар қойылған.
Қанат Тілепберген, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Ауқымды реформалар – алға басудың алғышарты
- 27 маусым, 2024
Адами борыш, азаматтық міндет
- 17 маусым, 2024
Ақпарат
Президент эстрада әншісін «Барыс» орденімен марапаттады
- 22 шілде, 2024
Таразда тіркелген қылмыс саны 29 пайызға төмендеген
- 18 шілде, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді