Астанадағы Қазмедиа орталығында Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына арналған аламан бәйге «Алтын тұлпар» дәстүрлі республикалық турниріне байланысты баспасөз мәслихаты өтті. Доданы «Нұр Отан» партиясының қолдауымен Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы мен Мәдениет және спорт министрлігі өткізеді. Аламан бәйгенің бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры. Республикалық турнирге – 14 облыс пен Астана және Алматы қалаларының әрқайсысынан 10 сәйгүліктен – кемінде 160 тұлпар қатысады деп күтілуде. Бәйгенің жаңалығы – оның ұзақтығы 51 шақырым болып өзгертілді. Жаңа ереже қауымдастық тарапынан құпталды. «Алтын тұлпар» аламан бәйгесінің жүлде қоры 23 000 000 теңгені құрайды. Бас жүлде – 10 000 000 теңге. Мәреге алғаш жеткен 9 тұлпарға тиісінше жүлделер үлестіріледі. Брифинг соңында «Бұл аламан думан тойда шамамыз келгенше, 2 мыңға жуық адамға арнап қымызмұрындық, ас беріп, бауырсақ фестивалін өткізу де ойда бар. Қазір осы жобалар бойынша біраз нәрселер қолға алынды», – деді Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті Бекболат Тілеухан мырза.
Әділбек Жүніс.
Ұқсас жаңалықтар
Испандықтардың жұлдызы жанған күн
- 16 шілде, 2024
Өзі де, ұлдары да алтыннан алқа таққан
- 16 шілде, 2024
Ақпарат
Президент эстрада әншісін «Барыс» орденімен марапаттады
- 22 шілде, 2024
Таразда тіркелген қылмыс саны 29 пайызға төмендеген
- 18 шілде, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді