Жұрт бұл күнді жалықпай тосты. Арзаны 8 мың долларға, қымбаты 60-70 мың долларға билет сатып алды. Кәсіпқой бокс мекені Лас-Вегастағы ғасыр жекпе-жегі аталып кеткен дақпырты мол кездесу есте жүрер нокаутпен өтеді деп сенді ел. Бірақ, олай болмай шықты. Сегіз салмақтағы әлем чемпионы (жалғыз боксшы) Мэнни Пакьяо да, салмақ дәрежесіне қарамастан әлемнің үздік боксшысы кіші Флойд Мейвезердің де рингте ұрыс салуы естен тандырып, құлататын соққысыз өтті. 12 раундқа созылған сүреңсіз кездесуде Мейвезер жеңіске жетті. Қорытындысында Флойд WBA(супер), WBC тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атағын сақтап қана қоймай, Пакьяоға тиесілі WBO тұжырымының белдігін тартып алды. Мейвезер күні бұрын: «Бокс тарихындағы ұлы боксшы менмін. Мұхаммед Әли менен кейін екінші тұрады» деп астамсыған еді. Бұған қатысты бокс мамандары өз ойларын білдіріп, миықтан күлді. Ал ресейлік танымал спорт шолушысы Григорий Стангрит твиттердегі парақшасында: «Мейвезер өзін Әлиден мықты санай ма? Әли алып денелі Джордж Форманды жеңген. Егер Мейвезер ер болса, Геннадий Головкин секілді ірі жігітті жеңіп көрсін» деді. Мейвезер болса жақын арада белдіктерді өткізіп, бокстан кетуі мүмкін екенін де жасырмады. Дегенмен, оның келісім-шарт бойынша әлі де екі кездесу өткізу керек екенін айта кетейік.
Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Ауданға еңбегі сіңген абыройлы азамат
- 17 қыркүйек, 2024
Әулиеаталықтар айтулы аламанда атой салды
- 16 қыркүйек, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді