Балғын бишілер

Балғын бишілер
ашық дереккөз
Балғын бишілер

Хореографиямен айналысу саласына балалар мен жасөспірімдерді тарту мақсатында «Балетті және ұлттық биді дамыту және қолдау қорының» қолдауымен облыстың көптеген ауылдық және аудандық Мәдениет үйлерінде тегін би үйрету үйірмелері ашылды. Неліктен тегін? Әрине, себебі, оның мақсаты оларды кезекті тарқату және пайда табу үшін жеке дара таланттарды іздестіру және анықтау емес, керісінше, балаларды хореографиялық өнерге, эстетика сезімін дамытуға, саламатты өмір салтын ұстануға жаппай тарту. Сондай-ақ, олардың бос уақыттары мен демалыстарын ұйымдастыруда болып отыр. Облыста бүгінгі таңда жұмыс істейтін 6 би үйрету залын ашу үшін, қор үлкен дайындық жұмыстарын жүргізді. Бұл ретте билеу үйірмелерін ұйымдастыру және олардың жұмыс істеуі бойынша барлық шығын, оның ішінде хореографтардың жалақыларын қаржыландыру қордың қаражаты есебінен жүзеге асырылды және бұдан әрі де жүзеге асырылатын болады. Жоба тұжырымдамасына сәйкес, осының барлығы, би және хореография сабақтарынан басқа, арнайы тартылған және қажетті біліктіліктері бар хореографтар өткізетін тәрбиелік әңгімелермен, бейнематериалдармен және саламатты өмір салтын қалыптастыру бойынша сәйкес келетін полиграфиялық өніммен бекітіледі. Ағымдағы жылғы ақпанның 13-інен бастап 15-іне дейінгі аралықта хореографтардың біліктіліктерін арттыру және шеберлік-сыныптарын өткізу мақсатында, хореография жөніндегі маман А.Жүнісова шақырылды. Осының арқасында Қор хореографтары Зейнеп Қалданова, Күләш Байтұрсынова, Наталья Чистякова, Әйгерім Алтынбек, Мәдина Тұран және Ұлнұр Көпбаева өздерінің кәсіби деңгейлерін арттырды, классикалық, ұлттық және заманауи би тақырыптары бойынша жаңа білімдер мен дағдыларды меңгерді. Бүгінгі күні Тараз қаласы, Жамбыл, Жуалы және Сарысу аудандық би үйірмелерінде және Жамбыл ауданының Айша бибі және Т. Рысқұлов ауданындағы Көкдөнен ауылдық Мәдениет үйлерінде 7 жастан 16 жасқа дейінгі 500-ден астам бүлдіршін бимен айналысуда. Қордың мақсаты балалар мен жасөспірімдердің «көшенің ықпалына» түспей, мәдениетке және өнерге араласса деген ізгі ниетке негізделген. Үйірмеге қатысушылар одан әрі ұлы биші немесе хореографтар болмаса да, жай ғана дендері сау, мәдениетті, өнерді бағалай алатын азамат болып ер жетсе, соның өзі біз үшін үлкен жеңіс болмақ. Қор осымен ғана тоқтап қалмай, бұдан әрі облыстың барлық ауданын өзінің қызметімен қамтуды және еліміздің өзге де өңірлерінде осы тәрізді үйірмелер ашуды жоспарлап отыр.

Жанат Абилдина, Балетті, ұлттық биді дамыту және қолдау қорының менеджері.

Тараз қаласы.

Ұқсас жаңалықтар