Көрінсін тек егемен ел биіктен

Көрінсін тек егемен ел биіктен
ашық дереккөз
Көрінсін тек егемен ел биіктен
Тыныштыққа кепіл болу ғаламда, Бұйырған бақ – оған, саған, маған да. Сертін бұзбай татулықтың бұл күнде, Пайдамызды тигізейік қоғамға. Жаратпасын Құдай бізді мұңды ғып, Сенім арту – келер күнге құнды үміт. Достық туын биік ұстау – аманат, Достық туы – басты байлық, құндылық. Тапқан елміз несібесін тірліктен, Тереземіз тең әлеммен, құрлықпен. Біз біргеміз, тілегіміз – татулық, Ал іргеміз ажырамас бірліктен! Мұратымыз орындалып, расталған, Сәтті болсын, әр ісіміз басталған. Көрінсін тек егемен ел биіктен, Көрінсін ел зау-зау биік, асқардан! Юлия Ким, студент.

Ұқсас жаңалықтар