Тәуелсіз еліміз кезектен тыс Президент сайлауын жоғары деңгейде өткізіп, өз тарихында тағы бір маңызды белеске көтерілді. Елбасы – Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев кешегі өткен сайлауда айқын да жарқын жеңіске қол жеткізіп, қалың елінің жүрек түкпірінен орын алған дара перзент екендігін танытты. Сайлау нәтижелері көңілді толқытады. Ал, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еліміздің ордасы Астана қаласында өткен ұлықтау рәсіміне қатысу бақытын сөзбен айтып жеткізу мүмкін де емес. Міне, біздің маңдайымызға осындай салтанатты сезіну бұйырыпты.
Біздің Елбасымыз, шын мәнінде, керемет тұлға. Оны әлемнің мен деген саясаткерлерінің өзі әлдеқашан феномен деп бағалап, лайықты бағаларын берген. Президенттің сайлаудың алдында жария еткен бес халықтық реформасының өзі біле білгенге ел дамуына тың серпін беретін бағдар екенін бағалау керек. Ұлықтау рәсімінде де Елбасы осы бес реформаны жүзеге асырудың тиімділігі туралы сөз қозғады. Біз бұл орайда Ұлт көшбасшысы саясатының төңірегіне тығыз топтасып, кемел келешекке бағытталған келелі істеріне аянбай үлесімізді қосуымыз керек. Біз Отанымыздың өркендеп, гүлденуін тек Н. Назарбаевтың есімімен байланыстырамыз. Мемлекет басшысы 5 институционалдық реформаны дер кезінде ұсынды деп есептейміз. Кез-келген жоспар алдымен осындай институционалдық реформа секілді тактикалық қадамдардан бастау алады. Облысымызда өндіріс орындары өте жақсы дамып келеді. Ауыл шаруашылығы алға басып, кәсіпкерлік көкжиегі кеңеюде. Құрылыс қарқын алды. Ендігі кезекте Елбасы ұсынған бес реформа арқылы ел экономикасы қарыштап дамып, әлеуметтің әлеуеті арта түсетін болады. Біз бұған кәміл сенеміз. Өйткені, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев алға қойған мақсаттардың орындалмай қалған кезі болған емес.
Бахром Муминов, облыстық өзбек этномәдени орталығының төрағасы.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді