«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Жеңешемнің қолы бос

Жеңешемнің қолы бос
ашық дереккөз
Жеңешемнің қолы бос
Шіркін-ай, Жеңешемнің кірпігі-ай, Бояғаны соншама, Әрбір талы шырпыдай. Бұған ағайым налып: – Әй, дырқым-ай, «Қарғайын десең жалғызың, Қарғамайын десең жалмауызың». О, қасірет, қажыдым,- Деп дөңбекшіп күрсінеді, Жаның түршігеді, Ал жеңешем Рәшті Білесіз ғой тілі ащы. – Бояйтын бет менікі Не әкеңнің құны бар, Бояу десе жыны бар, Өй, еркек болмай жерге кір, Қатын да бір, сен де бір, – Деп жеңешем тулайды, Көріп пе едің мұндайды? Ағай бұған пысқырмайды, Былай деп мысқылдайды: – Айтса бір ұқпайды, Анау картоптай мұрын тұрғанда Саған бояу жұқпайды, Мұны Құдайдың өзі де құптайды. Оның үстіне, шашты қырықтың, Қойшы, әйтеуір, басты құрыттың. – Қақсап қалғыр, қақса да отыр, Менің мұрнымнан Қай дүниең ақсап отыр? Ағайға осы жетеді, Енді сөйлесе бас кетеді. Қабағы түйіледі, Күйінеді, Киінеді, Қызметіне кетеді. Содан кейін қызық болады. Ағай түске келгенше, Жеңгем бетті бұзып болады. Сосын ағайды арбап, «Шалым!» – дейді, «Жаным!» – дейді, Құлағына сыбырлайды, Ағай да ұйып, сылқ түсіп, Бірдеме деп жыбырлайды, Жымыңдайды... Оспанхан Әубәкіров.

Ұқсас жаңалықтар