Қазіргі кезде ауылдарда бірі – мал, екіншісі – егіс өсірумен айналысып жатқан шаруа қожалықтары көп-ақ. Көктем туа шабындық пен егістікке жекеменшіктегі малдың жаудай тиетіні белгілі. Егістікті малдан қору қиын болып тұр. Бұған ауыл әкімдері де еш шара қолдана алмайды. Заң орнына беру үшін егіске түскен малды құлағындағы сырғасының нөмірімен суретке түсіріп алу керек екен. Иен түзде қай мал ұстата қойсын, екінің бірі қолына фотоаппаратын алып жүрген жоқ қой. Былтыр жекеменшіктің малы Сауыт деген азаматтың бүкіл еккен арпасын жеп қойып, қаншама құжат жинап, әрі-бері шапқылап, еш нәтиже шығара алмай шаршады. Иелігіндегі егістігін қанша жерден қорыса да, мал түсіп, қарап қылып жатқандар мұндай жағдайда не істеуі керек, қандай мекемелерге жүгінгені жөн. Мал иесі және оған қалыстан куәгерлер болса, жеткілікті емес пе? Қағазбастылықтан арылар мезгіл жеткен жоқ па?! Мынандай жағдайда шаруа қожалығының көсегесін қалай көгертеміз? Бұған сіздер не дейсіздер?
Мекемтас Нағашбеков, зейнеткер.
Күреңбел ауылы, Жуалы ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Төрт түлікте табыс та, береке де бар
- Бүгін, 04:33
Биылғы күзде әскерге қанша адам шақырылады?
- 14 қыркүйек, 2025
Ақпарат
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді