Біздің бейбіт аспан астында өмір сүріп жатқанымызға 70 жыл! Осындай көл-көсір бақыт үшін соғыстың майдангерлері мен тыл еңбеккерлеріне құрмет-ілтипаттарымызды білдіріп, соғыста қаза тапқандардың рухына бас иеміз. 83 жылдық тарихы бар, облысымыздағы байырғы оқу орындардың бірі №13 Тараз темір жол колледжі де жеңісті жақындатқан майдангерлерге тағзым етіп, колледж қабырғасынан майданға аттанған түлектердің құрметіне арналған естелік тақта орнатты.
Дүниені дүр сілкіндірген соғыс, жер бетіне орасан дақ қалдырып, халқымызға жарасы жазылмайтын қайғы әкелгені жасырын емес. Сол кералаң кезеңде №13 Тараз темір жол колледжінен майданға 100-ден аса түлектер аттанған екен. Олардың қатарында қару-жарақ салынған пойыздарды жүргізген М.Бабинцев, В.Дубовой, В.Карабейников, И.Алфирин машинист қызметін атқарса, С.Егембердиев, А.Маликов, Г.Холоденко, Ходжаев, П. Томасеевич, С.Дягелев, Н.Матвеев сынды жауынгерлер Сталинград, Украина, Румыния, Польша, Германияда ерен ерліктерімен көзге түсіп, көптеген орден, медальдармен марапатталған. Сондай жауынгердің бірі Р.Вайнердің майданға аттанып бара жатқанда жазған хаты 1944 жылы 5 шілде күні «Коммунист» газетінде жарияланған екен. Онда: «Біз – Жамбыл темір жол училищесінің түлектері вагонда толқып келеміз! Бір жағынан бірге оқыған әріптестерімізбен бірге майданға, Отан қорғауға аттанып бара жатқанымызға қуаныштымыз! Жүрегімізде соғысқа деген үрей де жоқ емес. Сонымен қатар, қуанышпен қатар, Қазақстанды сағыну да бар» деп жазған екен. Осы оқу ордасының осындай майдангерлері құрметіне естелік тақта орнатқан колледж ұжымы «Ер есімі – ел есінде» атты салтанатты жиын өткізді. Жиын шымылдығын ашқан колледж директоры, қалалық мәслихаттың депутаты Нұржан Нұралиев бұл шара колледж қабырғасында білім алып жатқан студенттер үшін зор маңызы бар екендігін атап өтті.
Наурызбек САРША, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Болашақ сарбаздар бірқатар сараптамадан өтуге міндеттелді
- 29 қазан, 2024
Кітапханадағы келелі кездесу
- 29 қазан, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді