Тілі басқа, тілегі бір...
Елімізде этномәдени бірлестіктердің қатары жыл санап өсуде. Қазір олардың саны 800-ден асады. Оның ішінде 28-і республикалық деңгейдегі бірлестіктер болып табылады.
Кең-байтақ Отанымызда 15 тілде газет-журналдар, 8 тілде радиохабарлар, 7 тілде телебағдарламалар шығады.
Білім беру толықтай өзбек, тәжік, ұйғыр және украин тілдерінде жүргізілетін 88 мектеп жұмыс істейді.
108 мектепте 22 этностың тілі жеке пән ретінде жүргізіледі.
Сонымен қатар балалардан басқа үлкендер де 30 этнос тілдерін оқуға мүмкіндік алған 195 этномәдени білім беру кешендері, жексенбілік және лингвистикалық мектептер ашылған.
Қазақ және орыс театрларын қоспағанда елімізде тағы төрт ұлттық-өзбек, ұйғыр, кәріс және неміс театрлары жұмыс істейді.
Әр жыл сайын Қазақстан этностарының тілдерінде бірнеше ондаған жаңа кітаптар жарық көреді.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді