Батыл тосқауыл қою қажет
Сыбайлас жемқорлық мәселесі – қазіргі таңда әлем көлемінде шешуін таппай отырған проблемалардың бірі. Жемқорлық кез-келген жерге етек жая еніп кетеді. Сыбайлас жемқорлықпен күрес Қазақстанның бүгінгі таңдағы күрделі мәселесінің бірі болып отыр. Сыбайлас жемқорлықпен күресу жеке адамдардың немесе жекелеген топтардың ғана емес, мемлекеттік органдардың, Үкіметтің, тұтастай қоғамның басты міндеті мен борышы. Барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз құзіреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге міндетті.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп қатерден ҚР ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу және ашу, зардаптарын жоюға сондай-ақ білікті мамандарды мемлекеттік қызметке кіруге ынталандыруға, мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдардың риясыз адалдығы үшін жағдайлар жасауға, жеке және заңды мүдделерін қалпына келтіруге, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуына бағытталған.
Өткен жылы Жуалы аудандық сотында сыбайлас жемқорлыққа қатысты үш қылмыстық іс қаралды. Олардың біреуі шартты түрде 3 жыл мерзімге сотталса, екіншісі 1 жыл 6 айға, ал үшіншісіне 2 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды. Биылғы жылы Қылмыстық кодекске енгізілген өзгеріс бойынша, ҚР ҚК-нің 311-бабының 1-бөлігі, жаңа редакцияда ҚР ҚК-нің 366-бабының 1-бөлігі деп өзгертілді. Бұрынғы Кодекс бойынша сотталған адамның жеті жүзден екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не бес жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырып, мүлкі тәркіленіп нақ сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланатын болса, жаңа редакцияда сотталған адамның алған пара мөлшерінен елу және 70 есе көп мөлшерде айыппұл салуға немесе бес жылға дейін бас бостандығынан айыруға және мүлкі тәркіленіп, өмір бойына белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырылады. Бұдан жаңа заңда белгіленген жаза бұрынғыға қарағанда қатаңдатылғаны айқын байқалады. Себебі қазіргі таңда сыбайлас жемқорлыққа мемлекет тарапынан заңдар қатаңдатылып, аса назар аударылуда.
Сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатер еліміздің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған. Қоғамымыздың барлық саласына дендеп еніп бара жатқан жемқорлықтың жолына батыл тосқауыл қойып, олардың зардаптарын жою және мүдделілерді жауапқа тарту бүгінгі күннің ең басты міндеттерінің бірі. Мұндай кеселді тек мемлекеттік және құқық қорғау органдарының күшімен жеңе алмаймыз. Жемқорлықпен күресуді бүкіл халық болып қолға алсақ қана тоқтатуға болады деп ойлаймын.
Cамат ЕРАЛИЕВ, аудандық сот кеңсесінің бас маманы.
Жуалы ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Жазасын өтеушілер дін саласының өкілдерімен кездесті
- 16 қазан, 2024
Тауар таңбасы заңмен қорғалады
- 8 қазан, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді